Пациент қазір реанимацияда
Алматы халықаралық әуежайында өзін өртеген ер адам ауыр хәлде жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, ер адам жедел жәрдеммен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
«Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың жағдайы өте ауыр. Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасына сәйкес толық көлемде ем қабылдап жатыр», - делінген хабарламада.
Естеріңізге салайық, 25 тамыз күні Алматы әуежайында ішкі рейстер терминалы кассасының жанында ер адам өзін өртеп жіберген. Полицияның ақпаратынша, ер адамның мұндай қадамға баруына сүйіктісімен жанжалдасып қалуы себеп болуы мүмкін.