Қайғылы оқиға 17 тамыз күні болды
Әлеуметтік желіде Астана түбінде апатқа ұшыраған жеңіл моторлы ұшақтың құлаған сәтінен видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Трагедия өткен жексенбі, 17 тамыз күні болған. Жеңіл моторлы жекеменшік ұшақ Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Төңкеріс ауылының маңында құлаған. Салдарынан бір ер адам мен бір әйел қаза болды.
Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, көз жұмған әйел – үш баланың анасы, 16 тамызда ғана 43 жасқа толған. Туған күніне ерекше сыйлық ретінде ұшақпен ұшуға шыққан. Марқұмның артында 19 жастағы қызы мен кәмелетке толмаған екі ұлы қалды.
Ал қаза тапқан екінші адам – құлаған ұшақтың иесі Арман Мусин.
Ақмола облысының полициясы Aerostar R40F UP-LA229 жеңіл моторлы ұшағының құлау фактісі бойынша тергеу бастады.