ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 872 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Мұғалімдер құқығын бұзып келген мектеп директорлары жазаға тартылды

Кей мектеп басшылары мұғалімдердің қосымша ақысын төлемей, артық есеп талап еткен

Фото: ашық дереккөзден

«Педагог мәртебесі туралы» Заңның аясында және Білім және ғылым министрінің тапсырмасы бойынша Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер жергілікті жерлерде педагогтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылдап жатыр. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік істер қозғалды. Атап өтсек, Нұр-Сұлтан қаласындағы мектеп-гимназиясы директорының міндетін атқарушы педагогтердан артық есеп беруді талап еткені үшін және Түркістан облысының орта мектеп директоры педагогқа өзіне тән емес функцияларды жүктегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы және Павлодар қаласының мектеп директорларына және аудандық білім бөлімдерінің меңгерушілеріне тәртіптік жаза қолданылды. Бірінші жағдайда мұғалімдерге қосымша ақы мен еңбек демалысының ақысын уақтылы төленбеу фактісі расталса, екіншісінде мектеп жөндеуге  қаражат жинау мәселесі бойынша ата-анадан өтініш келіп түсті», - делінген хабарламада.

Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері «Педагог мәртебесі туралы» Заңды және есепті қысқарту бойынша Білім және ғылым министрінің бұйрығын, сонымен қатар педагог құқығын қорғау бойынша басқа да нормаларды орындауға қатысты жұмыстарын жалғастырады.

Сұхбат
Танымал психоаналитик Анна Құдияровамен сұхбат
Қазақстан ғалымдары КВИ-ге қарсы вакцинаны 45 күнде әзірлеген
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат