Қосалқы станцияда апат болған
1 шілде күні Талдықорған қаласындағы қосалқы станцияда апат болып, Жетісу облысының елді мекендері жарықсыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«KEGOC» АҚ ақпаратынша, сағат 14:13 кезінде Талдықорған қосалқы станциясында Жетісу облысын электр энергиясымен қамтамасыз ететін электр беру желілері апатты жағдайда істен шыққан. Соның салдарынан тұтынушылар жарықсыз қалды.
«Сағат 15:35-те тұтынушылардың басым бөлігіне электр энергиясы берілді. 16:09-да барлық шектеу толығымен алынып тасталды, ал 16:36-да желі толығымен қалпына келтірілді», - делінген хабарламада.