Сауалнамаға ЖОО түлектері де қатыса алады
Жоғары аудиторлық палата жоғары білім саласына бөлінген қаражаттың жұмсалуына аудит жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Жоғары аудиторлық палата жоғары білім сапасын арттыру мен дамытуға бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне аудит жүргізеді», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты ЖАП жоғары білім жүйесінің қазіргі жай-күйін бағалау және проблемаларды анықтау мақсатында кешенді сауалнама бастаған. Оған әрбір қазақстандық қатыса алады.
Сілтеме: студенттер үшін https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdxWJ3Sb_3zo72cnETxqb1_P3VHhm3Kr5Oe_gfaO_P3fhSEKg/viewform?usp=headerи
оқытушылар үшін https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScIVs8ss7BqMmoN10h6IGimElYnNa1DCnmePWsyzlfr1ecTuA/viewform?usp=dialog
түлектер үшін https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSffu0TCZY7WGyJAJ7Q8t1XSk_gBYiK0hnDKKcKRC2mjENX3Tg/viewform?usp=header.