Олардың айласы жыл сайын көбейіп барады
Қазіргі заманның басты қауіптерінің бірі – цифрлық және әлеуметтік алаяқтық. Алаяқтар әрдайым жаңа айла-тәсілдер ойлап тауып, алдау әдістерін күн сайын жаңартып отырады. Олар адамның сенімін пайдаланып, жеке деректерін, банк картасының мәліметтерін немесе қаржысын иемденуге тырысады. Әсіресе интернет пен мобильді қызметтердің кеңінен таралуы алаяқтық түрлерінің де күрделене түсуіне себеп болды. Сондықтан халықтың ақпараттық сауаттылығы мен сақтығы – басты қорғаныш құралына айналды. Осы орайда алаяқтардың адамдарды алдауда қолданатын ТОП-5 әдісін бөліскіміз келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алаяқтар жас пен кәрі, нәсіл мен ұлтты таңдамай, арбап жатыр. Мәселен, 2025 жылғы 9 шілдеде киберқылмыспен күрес департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай интернет-алаяқтық фактілеріне қатысты мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, жыл басынан бері киберқылмыстардан келген жалпы материалдық шығын 25 миллиард теңгеден асқан.
Алаяқтардан азаматтарға тек 895 миллион теңге қайтарылған.
Алаяқтар соңғы кезде мемлекеттік қызметтерді пайдаланып, адамдарды алдауға кіріскен. Олар «1414» нөмірінен хабарлама жіберіп, жеке мәліметтер беруді, операцияларды растауды немесе жоқ айыппұлдар мен қызметтерді төлеуді талап етеді.
Алаяқтар арнайы бағдарламалар арқылы өз қоңырауын немесе SMS-хабарламасын 1414 нөмірінен келгендей етіп көрсетеді. Бұл – «спуфинг» деп аталатын тәсіл.
Мәселен, олар мынадай фишингті пайдалануы мүмкін.
«Сізге 212 000 ₸ мөлшерінде әлеуметтік төлем тағайындалды. Ақшаны алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: egov-kz-pay.online»
Бұл сілтеме ресми сайт емес, алаяқтар құрған фишингтік сайт болады. Онда ЖСН, банк картасы немесе SMS-код сұралады – енгізсеңіз, деректеріңіз ұрланады.
Алаяқтар Telegram, WhatsApp және басқа мессенджерлерде «eGov KZ 2025», «электронды үкіметтің жаңа нұсқасы» деген атаумен боттар ашып, азаматтарға «төлем алуға көмектесеміз», «несиені жоямыз» деп уәде береді.
Олар ЖСН, картаның алдыңғы/артқы суреті, бір реттік SMS-код сұрап, кейін сіздің атыңыздан микрокредит рәсімдеп кетуі мүмкін.
Алаяқтар eGov порталына кіріп беру үшін азаматтан ЭЦҚ кілтін (ключ) немесе оған қатысты парольді сұрайды.
Бұл мәлімет берілсе, алаяқ сіздің атыңыздан:
Алаяқтар өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, қоңырау шалады. Олар сіздің банк шотыңыздан күмәнді операция жүргізіліп жатыр деген сылтаумен қауіпсіздік шарасы ретінде жеке деректеріңізді сұрайды. Әдетте талап етілетін мәліметтер:
Негізгі мақсат: Жәбірленушінің шотынан ақша ұрлау, яғни картадағы қаражатты алаяқтың есебіне аударту.
Қалай қорғануға болады:
Жалған интернет-дүкендер, OLX, Instagram парақшалары арқылы төмен бағамен техника, киім, жиһаз ұсынады. Сатып алушы алдын ала төлем жасайды, алайда тауар келмейді.
Негізгі мақсат: алдын ала төлем алып, ізін суыту.
Қалай қорғануға болады:
Жылжымайтын мүлік арқылы жасалатын алаяқтық (жалған құжаттар, меншік құқығын тіркеу)
Бұл – азаматтардың жеке деректерін немесе сенімін пайдалану арқылы олардың үйі, пәтері, жер телімі сияқты мүлкін иемдену тәсілі. Мұндай қылмыстарда көбінесе:
Алматыда белгілі журналист, профессор Кәкен Қамзин жылжымайтын мүлкіне қатысты жасалған алаяқтықтың құрбаны болды. Қазіргі таңда қылмыстық тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер үйді сатып, қаражатты шетелге аударып жіберген. Бұл - мүліктік алаяқтық, нақтырақ айтқанда жылжымайтын мүлікке қатысты құқықтарды заңсыз тіркеу немесе сату арқылы жасалған қылмыс.
Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіру үшін «Сіз жеңімпаз болдыңыз», «iPhone 15 ұтып алдыңыз», «Kaspi-ден 1 000 000 теңге бонус», немесе «Мемлекеттік 212 000 теңге өтемақы дайын» деген мазмұндағы SMS-хабарламалар, мессенджердегі (WhatsApp, Telegram) хабарламалар немесе әлеуметтік желілер арқылы таралатын жазбаларды пайдаланады.
Сізге SMS немесе мессенджер арқылы хабарлама келеді:
«Құттықтаймыз! Сіз Kaspi акциясынан iPhone 15 ұтып алдыңыз. Сыйлығыңызды алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: [kaspi-bonus-kz.net]»
Сілтемені бассаңыз, фишингтік (жалған) сайтқа өтесіз.
Сайттың дизайны Kaspi, eGov немесе басқа танымал платформаларға өте ұқсас болады. Бұл жерде сізден келесі мәліметтерді енгізу сұралады:
Деректерді енгізген сәтте алаяқтар сіздің банк шотыңызды бақылауға алып, қаражатты шешіп алады немесе онлайн несие рәсімдейді.
Қалай қорғануға болады?
Ешқашан:
Интернеттегі жалған инвестициялық жобалар – соңғы жылдары көп азаматты алдап, қаржылай шығынға ұшыратқан кең таралған алаяқтық түрі. Бұл схемада алаяқтар халыққа аз уақытта көп табыс табуға болатынын айтып, түрлі қаржы платформаларын немесе криптовалюта жобаларын ұсынады.
Интернетте, Instagram, TikTok, Telegram және YouTube желілерінде жарнама беріледі:
Пайдаланушы күмәнсіз сеніп, тіркеледі.
Бастапқыда аздаған «пайда» көрсетіледі
Бұл пайдаланушының сенімін арттыру үшін жасалады. Олар тіпті алғашқы күндері ақшаны «қайтарып» та береді.
Кейінірек жүйе кенет жабылады немесе қосымша төлем сұрайды
Мысалы: «Қаражатыңызды шығару үшін комиссия төлеңіз», «Салық төлеуіңіз керек» деген сылтаумен қайта ақша сұрайды.
Ақырында жәбірленуші не ақшасын, не платформаны таба алмай қалады.
Егер де сізге қатысты алаяқтық жағдай болған жағдайда жергілікті мекенжай бойынша полиция бөлімшесіне хабарласыңыз және барлық айғақ затты сақтаңыз.