Тоқаев тағы да азаматтарды карантин талаптарын сақтауға шақырды

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы індеттің таралуына алаңдаушылық білдірді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық азаматтарды дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырды, деп хабарлайды Аzattyq ruhy.

«Белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық өнерінің майталманы Бекболат Тілеуханға індеттен тезірек сауығып шығуын тілеймін. Барлық азаматтарды дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырамын», - деп жазды ол өзінің Twitter парақшасында.