Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылмақ
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігі Жұмбақтасқа шығуға тыйым салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жұмбақтас жартасы – тек эстетикалық қана емес, сонымен қатар мәдени маңызы бар бірегей табиғи ескерткіш. Бұл – табиғат қорғау ережелерін бұзу ғана емес, сонымен бірге адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Қазақстанның табиғи мұрасына ұқыпты қарап, орнатылған шектеулерді сақтауды сұраймыз. Ереже бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - джелінген хабарламада.