68-ге жетті: Павлодар облысында коронавирустан тағы 1 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол – 59 жастағы әйел адам

фото: coronavirus2020.kz

Бүгін Қазақстанда коронавирустан тағы бір науқас көз жұмды. Ол – 1961 жылы туған Павлодар облысының тұрғыны, әйел адам. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеу туралы шешім қабылдады.

Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан көз жұмғандардың жалпы саны 68 адамға жетті. Атап айтқанда:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 14
  • Алматы қаласы – 10
  • Шымкент қаласы – 10
  • Ақмола облысы – 4
  • Атырау облысы – 3
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1
  • Батыс Қазақстан облысы – 3
  • Қарағанды облысы – 7
  • Қостанай облысы – 2
  • Маңғыстау облысы – 1
  • Павлодар облысы – 9
  • Түркістан облысы – 3 адам.