$ 538.64  631.56  6.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.06.2025, 11:20
Қоғам

Енді үкімет АӘК алатындардың шығыстарын банк арқылы тексереді - әр адам құпияны ашуға қол қойып беру керек

Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында белгілі болды

Енді үкімет АӘК алатындардың шығыстарын банк арқылы тексереді - әр адам құпияны ашуға қол қойып беру керек
Фото: istockphoto.com

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат депутаты Бекболат Орынбеков Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға сұрақ қоя отырып, атаулы әлеуметтік көмек, жұмыс орнын субсидиялау сияқты әлеуметтік саладағы маңызды мәселелер бойынша сұрақ қойды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Сұраққа жауап берген Светлана Жақыпова Қазақстан әлеуметтік трансформация жасауға бел буып отырғанын айтып, бүгін-ертең болатын өзгерістерді айтты. Соның ішіндегі маңыздысы – үкімет атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардан енді банк құпиясын алу туралы келісімге қол қойдырып алмақ.

«АӘК бойынша үлкен жұмыс істедік. Бұл президенттің тапсырмасы болды, АӘК тағайындау кезінде ол адамның кірісін ғана емес, шығысын да есептеу керек. Қазір бұл әдістеме тиісті бұйрықпен бекіді. Бұдан өзге біз АӘК алғысы келетін адамның банк құпиясын алуға рұқсат беруіне қол жеткіздік. Бүгін-ертең екінші деңгейлі банктердің бәрі Ұлттық банктің цифрлық платформасына қосылады деп күтіп отырмыз, сол арқылы олар АӘК алатын адамдардың шығындары туралы есеп береді. Соның бәрі АӘК тағайындалар кезде ескеріледі», - деп мәлім етті Жақыпова.

Серіктес жаңалықтары