Жыл сайын өкпе қатерлі ісігінен 2 мыңнан астам адам қайтыс болады
Қазақстанда өкпенің қатерлі ісігі — онкологиялық аурулардың ішінде ең қауіпті түрлерінің бірі болып қалып отыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл дерт сырқаттанушылық бойынша үшінші, ал өлім-жітім бойынша бірінші орынға шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстанда өкпе обыры онкологиялық аурулар арасында сырқаттанушылық бойынша үшінші орында, ал өлім-жітім бойынша – бірінші орында», – деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Жанғарашева.
2020–2025 жылдар аралығында ауру көрсеткіші мынадай болған:
«Жыл сайын өкпе қатерлі ісігінен 2 мыңнан астам қазақстандық қайтыс болады. 2024 жылы аурумен тіркеліп, 5 жылдан астам уақыт өмір сүрген науқастардың үлесі 33,4%-ды құрады, бұл 2020 жылғы көрсеткішпен шамалас (33,2%). Өкпе обырының болжамы, әсіресе ауру кеш сатыда анықталғанда, әдетте қолайсыз. Бұл ерте диагностика мен алдын алу бағдарламаларының аса маңызды екенін көрсетеді», – деді Жанғарашева.