Тоқаев ауылдағы полицейлердің еңбек өтілін 1,5 жыл деп есептеуді ұсынды

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы президент бүгін мәлім етті

Фото: Ақорда

Бүгін құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдағы учаскелік полицейлердің еңбек өтілін 1,5 жыл деп есептеуді ұсынды. Президенттің пайымынша, ауылдағы учаскелік полицейлерге баспана да беру керек, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Учаскелік инспекторлардың әлеуетін одан әрі нығайту қажет. Себебі олар іс жүзінде мемлекет мен қоғам арасындағы басты дәнекер саналады. Әсіресе, бұл ауылдық жерде анық байқалады. Өйткені жергілікті тұрғындар үшін учаскелік инспектор – қорғаушы, құқықтық кеңесші, тіпті, әділдік сұрап жүгінетін соңғы инстанция. Менің ойымша, ауылдағы учаскелік инспекторларға шен берген кезде жеңілдік жасап, яғни бір жылдық еңбек өтілін 1,5 жыл деп есептеу қажет», - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдарының жұмысына сервистік модель қағидаттарын кеңінен енгізіп, кадрлық әлеуетін күшейту қажет.