Елімізде COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар саны 67 адамға жетті
Қазақстанда коронавирус індетінен 6 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтан қаласында 1973, 1952, 1961, 1950 жылдары туған ер адамдар,
Батыс Қазақстан облысында 1941 жылы дүниеге келген әйел, ал Қарағанды облысында 1953 жылы туған ер адам көз жұмды. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар саны 67 адамға жетті.