Тоқаев «АЛЖИР» мемориалды кешеніне барды
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АЛЖИР» мемориалды кешеніне барып, құрбандар рухына тағзым етті. Іс-шара барысында Президент зерттеуші мамандардың еңбегін ерекше атап өтіп, олардың жұмысы міндетті түрде марапатталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президенттің сөзінше, ГУЛАГ жүйесінің Қазақстанда орналасқан 11 лагерінің бірі – «АЛЖИР» болған. Мұнда 8 мыңға жуық әйел жазықсыз қамалып, азап шеккен.
«Саяси қуғын-сүргін – тек қазақ халқының емес, отарлық саясаттың салдарынан зардап шеккен барлық этностардың қасіреті. Бұл зұлмат ешқашан қайталанбауы тиіс»,– деді Тоқаев.
Комиссия жұмысының нәтижесі:
Мемлекет басшысы архивтермен жұмыс істеген Комиссия мүшелеріне, зерттеушілерге ризашылығын білдірді.
«Мұндай ауқымды зерттеу өзге елдерде жүргізілген жоқ. Бұл – біздің тарихымызды тануға бағытталған батыл қадам», – деді ол.
Президент архивінің жанынан саяси қуғын-сүргін құжаттарын зерттейтін арнайы орталықашылып, онда бұрын құпия болып келген 700 мың іс тапсырылған.
Тоқаев қоғамда тарихқа деген көзқарастың саясаттан ада болуы қажеттігін қадап айтты. Қуғын-сүргінді ұйымдастырушыларды ақтау әрекеттері мен тарихты бұрмалау тенденцияларын сынға алды.
«Өткен күннің қасіреті ел дамуына кедергі болмауы керек. Біз тарихты құрметтей отырып, алға жылжуымыз қажет»,– деді Президент.
Президент қазіргі өзгермелі әлемде жастардың тарихи санасы мен жауапкершілігі жоғары болуы тиіс екенін атап өтті. Жасанды интеллект, жаһандық өзгерістер, сын-қатерлер дәуірінде:
Қазақстанда 1997 жылдан бері 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтіледі. Бұл кеңестік репрессия құрбандарын еске алуға, ашаршылықтан қаза тапқандардың рухына тағзым етуге арналған маңызды күн.