Балалардың конституциялық құқықтары бұзылған
Астана қаласының әкімдігі отыздан астам мектепке медициналық қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ ұйымдарды бекітіп қойған. Прокуратура араласқаннан кейін кінәлілер жазаға тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елордалық прокурорлар анықтағандай, әкімдік мектеп медицинасын тиісті деңгейде ұйымдастырмаған.
«Тексеріс барысында 32 мектепке мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген медициналық ұйымдардың тиісті қызметке лицензиясы мен қажетті санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары болмағаны белгілі болды. Қадағалау актісі негізінде кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды», - делінген хабарламада.
Қазір санитариялық-эпидемиологиялық, медициналық және фармацевтикалық сала қызметкерлерінен жұмыс тобы құрылып, осы нысандарды заңнама талаптарына сәйкестендіру жұмысы жүріп жатыр.