Биыл қазақстаннан 4500 адам қасиетті сапарға барады
Бүгін Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астанада қажыларды қасиетті сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мүфтияттың баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, биыл 4500 отандасымыз қажылық парызын өтейді.
«Оларға лицензиясы бар 15 компания қызмет көрсетеді», - деп мәлімдеді мүфтият.
ҚМДБ жанынан құрылған Қазақстан Қажылық миссиясы ұйымдастыру-үйлестіру, алғашқы медициналық көмек, уағыз-насихат, пәтуа беру және ақпарат тарату сынды бес бағытта қажыларға қызмет көрсетеді.