Тергеу жүріп жатыр
Алматы облысында 14 жастағы оқушы қызды азғырды деген күдікпен ұсталған ер адам ешқашан мектепте жұмыс істемеген. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жақында БАҚ бетінде Алматыда домбыра сабағынан беретін мұғалім қонақ үйде он төрт жастағы оқушымен ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
«Біз тез арада тиісті шара қабылдадық. Анықталғандай, оқиға Алматыда емес, Алматы облысында болған. Сосын мұғалім деп жүрген адам мектепте ешқашан істемеген. Сол себепті осыған да назар аудару керек, бірақ, әрине, бұл оның жауапкершілігін төмендетпейді. Бұл жағдай тиісті бағасын алуы керек. Қазір тергеу жүріп жатыр», - деді Бейсембаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.