Жалпы, алимент өндіру бойынша тиісті орган 285 мың құжат тіркеген
Қазақстанда 15 мыңдай адам балаларына 19 млрд теңге көлемінде алимент төлеуі керек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Әділет министрлігі Міндетті атқару комитетінің төрағасы Мақсат Балабеков мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, 2025 жылы алимент бойынша 1,6 млрд теңгеден астам өндірілген.
«Ал, проблемалық алименттер саны 15 мыңды құрайды, олар бойынша берешектің мөлшері шамамен 19 млрд теңге. Бұл құжаттар бойынша борышкерлер алимент төлемей отыр», - дейді ол.