Қазақстан бұқаларды экспорттауға тыйым салды

Автор: Нұргүл Абай

Шектеу үш айға созылады

Фото: vistapointe.net

Ауыл шаруашылығы министрлігі бұқаларды экспорттауға уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

АШМ ақпаратынша, Сыртқы сауда қызметі және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағынан ірі қара малдың бұқаларын үш ай мерзімге уақытша экспорттауға тыйым салу туралы шешім қабылдаған.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қаржы министрлігінің бірлескен бұйрығының бұқаларды экспорттауға тыйым салу бөлігі 2025 жылғы 15 мамырдан бастап күшіне енді. Бұл шара еліміздегі азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз ету және өңдеуші кәсіпорындардың жұмысын жандандыру үшін қолға алынды», - деп түсіндірді ведомство.