Министрлер мен әкімдерді жасанды интеллект алмастырса, қатты қуанар едім – Бақытжан Базарбек

Автор: Нұргүл Абай

Депутаттар жасанды интеллект туралы заң жобасын талқылап жатыр

Фото: parlam.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек министрлер мен әкімдерді жасанды интеллект алмастырса, шынымен қуанатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Базарбек жасанды интеллектінің пайда болғанына қуанғанын және оны қолдайтынын атап өтті.

«Егер біздің 100 мыңдық мемлекеттік аппараттың тым болмағанда 30 пайызын жасанды интеллектімен ауыстырсақ, мен мұны қуана қабылдар едім. Ал егер 15-30 жылдан кейін біз министрлер мен әкімдерді жасанды интеллектімен алмастырсақ, мен шынымен қуанар едім», - дейді депутат сұрақ-жауап барысында.

Айта кетері, Мәжілісте «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы мен оған ілеспе заң жобалары бірінші оқылымда қаралып жатыр.