Тиісті бұйрыққа экология министрі қол қойған
Түркістан облысы Кентау қаласындағы өнеркәсіп аймағының 900 га аумағында 2075 жылға дейін төтенше экологиялық жағдай жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Экология және табиғи ресурстар министрі тиісті бұйрыққа қол қойды.
«Түркістан облысы Кентау қаласының Өнеркәсіптік аймағының 900 га аумағы төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялансын. Төтенше экологиялық жағдай аймағына солтүстіктен Түркістан облысының Кентау қаласына іргелес жатқан ауданы 900 га Өндірістік аймақтың аумағы кіреді. Төтенше экологиялық жағдайдағы аумақтың орналасуының карта-схемасы 1-суретте көрсетілген», - деп жазылған бұйрықта.
Министрлік төтенше экологиялық жағдай аймағын жариялау мерзімін елу жыл деп бекіткен және осы аралықта қандай шектеулер болатынын жазған.
«Түркістан облысының Кентау қаласына іргелес жатқан ауданы 900 га Өндірістік аймақтың аумағының төтенше экологиялық жағдай аймағының қолдануды мерзімі – 2075 жылғы 1 қаңтарға дейін», - деп жазылған бұйрықта.
Осы мерзім аралығында төтенше экологиялық аймақ аумағында мынандай шектеулер болады: