Қазақстанда COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 53 адамға жетті
Батыс Қазақстан облысында коронавирус індетінен 1 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Бұл науқас 1952 жылғы əйел адам. Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себебін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады», - деп жазылған хабарламада.
Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен барлығы 53 адам қайтыс болды.