Ол азаматтан 14 мың доллар сұраған
Өзбекстанда 30 жастағы әйел ер адамды интимді видеолары арқылы бопсалап, одан 14 мың доллар талап еткен. Полиция оны қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Өзбекстандағы Nova24 сайтына сілтеме жасай отырып.
Осы елдің полициясы таратқан ақпаратқа сүйенсек, азаматша ер адамды интимді видеоға түсіріп алған. Егер ол 14 мың доллар тауып бермесе видео мен фотоларын желіге жүктеймін деп бопсалаған.
Полиция әйелді ақша алып жатқан жерінен қолға түсірді. Енді ол 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.