Алматыда тұратын жетім жігіт мемлекеттен алған үйіне Қазақстанның туын іліп қойған (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Дмитрий бұны мақтанышпен айтып, үйін көрсетті

Фото: скриншот

Алматыдағы Жетімдер үйінің бірінде өскен Виктор есімді жігіт мемлекеттен алған пәтерін көрсетіп, мақтан тұтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Менің атым Виктор, жасым 25-те. Мен Жетімдер үйінен шыққан жігітпін және маған мемлекет үй берді. Қазір сіздерге үйімді көрсетіп шығайын», - дейді видео түсірген жігіт.

Осылай деген жас жігіт бір бөлмелі пәтердің кіреберісін, жуынатын бөлмесі мен ас үйін видеоға түсірген.

«Ал мынау менің жататын бөлмем, мен өз елімнің патриотымын. Мынау – Қазақстанның туы», - дейді бойын мақтаныш кернеген ол.

Қазақстандықтар бұл видеоға өте жылы пікірлерін жазған әрі жігітке жарқын болашақ тілеген.