Шерзат соты: баланы өлтірді деп айыпталғандардың көбі бұрын да сотталған болып шықты

Автор: Нұргүл Абай

Сот онлайн өтіп жатыр

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Талғар ауданында он алты жастағы Шерзат Полатты өлтірді деген айып тағылғандар бұрын істі болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Талдықорғанда Шерзат өлімі бойынша басты сот талқылауы басталды. Қазір сотта айыпталушылар өзін таныстырып жатыр. Олардың көбі бұрын қылмыстық жазаға тартылған болып шықты.

1998 жылғы айыпталушы Сәкиев бұрын мейрамхана администратор болып істеген. Бойдақ, ата-анасымен тұрған.

2021 жылы Талғар аудандық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 381-бабы бойынша екі жыл алты ай бас бостандығы шектелген. Қазір соттылығы жойылған.

Сәкиев сот отырысына дайын емес екенін, өзінің позициямсын адвокатымен сөйлеспегенін айтты.

Ал  2000 жылғы айыпталушы Белғожаев  мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде әдіскер болып істеген. Ол да бұрын сотты болған, 2015 жылы 106-бап бойынша бас бостандығы шектелген. Бойдақ. Сот отырысына дайын екенін айтты.

Тағы бір айыпталушы Тоқтаубаев пен 1993 жылғы айыпталушы Әскентай  да бұрын істі болған. Азамат Тоқтаубаев 2024 жылы жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Сот қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеу туралы үкім шығарған. Ал 1996 жылғы сотталушы Нұрбол Тоқтаубаев бұрын сотты болмаған. Үйленген. Сондай-ақ, айыпталушы 1998 жылғы Ілиясов бұрын сотты болған. 2023 жылы 107-бап, екі жыл алты ай бас бостандығы шектелген, жазасы өтелмеген. Бойдақ, жұмыссыз. 

1998 жылғы айыпталушы Дидар Қалиахмет бұрын істі болмаған. Үйленген, екі баласы бар.

Тегтер: