Ол қашып жүргендерді талқылау керек дейді
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Қазақстан көшелерінде әскерге шақыру жасындағы жігіттердің полиция тарапынан ұсталып, әскери комиссариаттарға жеткізілген сәттері түсірілген бейнежазбалар жиі таралуда. Мұндай видеолар қоғамда қызу пікірталас туғызып, көптеген азаматтардың наразылығын тудырды.
Мәжіліс кулуарында Azattyq Rýhy ақпарат агенттігіне эксклюзивті сұхбат берген Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев бұл мәселеге қатысты өз ойын білдірді.
«Бұл жерде ұстап әкетіп жатқандарды емес, қашып жүргендерді талқылау керек», – депі вице-министр қысқа қайырды.