«Ойларына келгенін жасайды»: депутат кәсіпкерлер салықтан қалай жалтарып отырғанын айтты

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол көп кәсіпкер бизнесінің нақты құнын көрсетпейді дейді

https://www.facebook.com/murataben/?locale=ru_RU

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов дәулетті адамдарға салынатын салық ұғымын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жемқорлар мүлікті сатып алып, туыстарының атына рәсімдеп, салық төлегісі келмейді. Мемлекет бізге салық кодексіне өзгеріс енгізуді тапсырды. Неге біз азаматтарға салықты өсіреміз, ал кәсіпкерлерге бухгалтерия есебі бойынша салық төлетеміз. Ал бухгалтерия ойларына келгенін жазады. Ғимарат ескі, амортизация деп көрсетеді. Мысалы, қазір Алматыдағы қонақ үйді тексергенде 200 млн теңгеге бағалаған, ал оның шынайы құны 20 млрд теңге болған. Бұл салыққа қанша түсім түспей отыр дегенді білдіреді», - деді Әбенов Мәжілістің кулуарында.

 Еске салсақ, Мәжіліс салық кодексіне енетін өзгертулерді бірінші оқылымда мақұлдаған еді.