$ 515.03  584.82  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.04.2025, 16:36
Қоғам

Черногория елі Дина Таңсәріні беруден бас тартты: Қазақстанның Бас прокуратурасы мәлімдеме жасады

Дина Таңсәріге халықаралық іздеу жарияланған болатын

Черногория елі Дина Таңсәріні беруден бас тартты: Қазақстанның Бас прокуратурасы мәлімдеме жасады
Фото: Дина Таңсәрінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Черногория «НеМолчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәріні Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартқан. Бас прокуратура мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кеше, 14 сәуір күні халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық Динара Смаилова (Дина Таңсәрі) Черногорияда ұсталған болатын.

«ҚР ІІМ Интерполы Д.Смаилованың Черногорияда жүргенін анықтады. Осыған байланысты Бас прокуратура осы елдің өкілетті органдарына оны бізге беру туралы сауал жолдаған еді. Қазіргі таңда Қазақстан мен Черногория арасында адамдарды беру туралы халықаралық шарт жоқ, сол себепті шет мемлекет Смаилованы экстрадициялаудан бас тартты. Соттың қабылдаған шешіміне қарамастан Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары оны қылмыстық жауапқа тарту бойынша жұмысты жалғастырады», - делінген хабарламада.

Бас прокуратураның ақпаратынша, Дина Таңсәрінің үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағы 2-тармақшасы бойынша іс қозғалған.

Естеріңізге салайық, ІІМ Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының полиция департаменттері Дина Таңсәріге қатысты алты қылмыстық іс қозғап, тергеп жатқанын хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары