Тоқаев ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралап көрді

Автор: Бақыт Шынар

Қазір президент Шымкентте жүр

Фото: Ақорда

Бүгін Шымкент қаласында жұмыс сапарымен жүрген президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, қаладағы 50-ге жуық өңдеуші кәсіпорын былтыр 168,5 млрд теңгенің өнімін шығарған.

«Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыжай кешендерін салуға түркиялық Alarko Holding компаниясы 650 млн доллар, ал Польшаның Fabe Polska SP кәсіпорны 136 млн доллар көлемінде инвестиция құюға ниетті екені айтылды», - деп хабарлайды Ақорда.