Қазақстанда атақты дирижер әйел мезгілсіз дүниеден озды

Автор: Бақыт Шынар

Маралжан Мырзақұлова Халық аспаптар ансамблінің негізін қалаған

Фото: театрдың ресми парақшасынан алынды

Мәдениет саласының үздігі, Халық аспаптар ансамблінің негізін қалаған дирижер Маралжан Мырзақұлова дүние салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Суыт хабар Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының ресми парақшасында хабарланған.  

«Маралжан Мырзақұлованың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына, жора-жолдастарына және барша жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Маралжан Мырзақұлова — өнер мен мәдениетке сіңірген еңбегімен ел есінде мәңгі қалатын жарқын тұлға. Оның жарқын бейнесі, кәсіби шеберлігі мен адамгершілігі жұртшылықтың жүрегінде сақталады», - деп жазған театр әкімшілігі.

Тегтер: