Олармен қатар, Ауған соғысының ардагерлеріне де жұмыс бар
Нұр-Сұлтан қаласының үкіметтік емес ұйымдары Семей полигоны, Чернобль апаты мен Ауған соғысының ардагерлерін жұмысқа орналастыруға көмектеседі, деп жазады елорда әкімінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан әкімдігі мен қаланың Жұмыспен қамту орталығы қолдау көрсеткен соң, алғашқылардың бірі болып «Семей-ЯП» қоғамдық қоры ардагерлерді жұмысқа қабылдай бастаған.
«Жобаға Семей ядролық полигонындағы сынақтардың салдарынан зардап шеккендер, Ауған соғысының қатысушылары,Чернобль апатының салдарын жоюға қатысқандар, Арал тұрғындары және мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатысады. Біз ешкімді бөліп жармаймыз, бәрін жұмысқа қабылдаймыз. Жасы 60-қа жеткен жұмыссыз азаматтар бар. Қызметкерлеріміздің жалақысы шамамен 85 мың теңгені құрайды. Қазір шеберхана ашып жатырмыз, өз күшімізбен жөндеу жүргіземіз», - деді «Семей-ЯП» қоғамдық қорының төрағасы Болатбек Әбдікәрім.