Былтыр олардың саны 186 мың оқушы болған
Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев жыл сайын мектеп бітіретін түлек саны артып отырғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Жыл сайын талапкерлердің, әсіресе, мектеп бітірушілердің саны көбейіп келеді. Мысалы, 2024 жылы Қазақстандағы 8 мыңға жуық мектепті 186 мың түлек бітірсе, биыл олардың саны – 217 мың. Өткен жылмен салыстырғанда талапкерлердің саны 30 мыңға көбейген», - деді ол.
Оның айтуынша, бұл жерде ең басты мәселе жатақхана мен университеттің инфрақұрылымы болып отыр.
«Бұл жағынан да министрлік жоспалы жұмыс жүргізіп жатыр. Биыл Астанада 5 мыңнан астам адамды қамтамасыз ететін жатақхана салынды. Биыл студенттердің жатақхана мәселесі толық шешіледі деп жоспарланып отыр. Қазір Алматы қаласы бойынша орын тапышылығы мәселесі бар. Оны да жеке меншік оқу орындары арқылы шешу жүзеге асырылып жатыр», - деді Руслан Емелбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.