«ПТР-тест анықтамасы керек емес». Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі өзгерді

Автор: Azattyq Rýhy

Басқа елдерде білім алатын студенттерге Қазақстаннан шығуға рұқсат

фото: Батыржан Беспаев

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілгенін хабарлады.

2020 жылдың 25 мамырында енгізілген өзгеріс бойынша:

1. Қазақстан аумағына кіру үшін шетелдіктерге (азаматтығы жоқ жандар) бұрын оларға қажет болған COVID-19 инфекциясының бар-жоғы көрсетілген ПТР-тестен өткені туралы анықтаманың бар болуы тоқтатылды.

2. Арнайы құрылған ведомствоаралық комиссияның тізіміне сәйкес, білікті қызметкерлер қатарындағы азаматтарға мемлекеттік органдардың өтініші бойынша Қазақстаннан шығуға рұқсат етілді.

3. Шетелдіктерге емделу мақсатында Қазақстанға кіруге рұқсат етілді. Ол үшін емделуге келгенінін растайтын құжаттар сұралады.

4. Шет елдерде білім алатын қазақстандық студенттерге студенттік визасын ұзарту, емтихан тапсыру, ID-карталарын рәсімдеу және Қазақстаннан шығуға рұқсат етілді.

Тегтер: