Үш іс бойынша сот үкім шығарған
Бұған дейін бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев Azattyq Rýhy тілшісіне былтыр болған жойқын су тасқынына байланысты 9 қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. Редакция Бас прокуратураға ресми сауал жолдап, осы істер туралы толығырақ мәлімет алуға тырысты.
Бас прокуратураның жауабына сүйенсек, сотқа 6 қылмыстық іс жіберілген.
«Оның 3-уі лауазымды адамдарға және сол көлемде кәсіпорын басшыларына қатысты. 3 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды. Ақталмайтын негіздер бойынша 1 қылмыстық іс тоқтатылды. 2 қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда», - деп мәлімдеді олар.
Осы аталған істер Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша қозғалған:
Бас прокуратура су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған ақшаны жымқырды деген күдікпен ұсталған Перизат Қайраттың ісі бұл 9 қылмыстық іске қатысы жоқ екенін хабарлады.
ҚПК-нің 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмеді.