Тоқаев интернетте адамға тіл тигізіп, біреудің ар-намысын аяққа таптайтындар туралы айтты

Автор: Бақыт Шынар

Президенттің пікірінше, бұл үрдісті тыятын жолдарды қарастыру керек

Фото: Ақорда

Бүгін Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі әдеп мәселесін қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін Бекзат Алтынбеков, одан бұрын Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Светқали Нұржан қоғамдық әдеп мәселесін қозғады. Бұл өте орынды деп ойлаймын. Қазір әлеуметтік желіде адамға тіл тигізу, ар-намысын аяққа таптау көбейіп кетті. Жалған мәлімет таратушылар бар. Мұндай келеңсіз үрдістерді тыю жолын қарастыру керек», - деді президент.