Биыл Қазақстанда 150 мыңнан астам ұстазды онлайн-сынақ күтіп тұр

Автор: Бақыт Шынар

Олар онлайн аттестация тапсырады

Фото: istockphoto.com

Биыл Қазақстанда «Ұстаз» атты онлайн-платформа арқылы 150 мыңнан астам ұстаз аттестаттаудан өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде кезең-кезеңімен «Ұстаз» платформасы енеді. Бұл платформа аттестаттау процесін автоматтандыруға және оны ашық әрі әділ етуге мүмкіндік береді. 2025 жылы платформа арқылы 150 мыңнан астам қазақстандық педагог аттестаттаудан өтеді деген болжам бар», - деп хабарлайды министрлік.