Қаржы қызметінің үздігі Амангелді Исенов Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі болды

Автор: Нұргүл Абай

Исенов квазимемлекеттік секторда басшылық қызметтер атқарған

Фото: depositphotos.com

Парламент Сенаты Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі қызметіне ұсынылған Амангелді Исеновтің кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сенат депутаттарының шешімімен Амангелді Исенов Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі қызметіне тағайындалды.

Амангелді Исенов Қарағанды металлургия институтын тәмамдаған.

«Амангелді Сағындықұлы 2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметте, 2004 жылдан бастап квазимемлекеттік сектор қүрылымында эжкономика және қаржы мәселелері бойынша басшылық қызметті атқарған. 2017-2022 жылдары аралығында Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасыың орынбасары, ал 2024 жылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстан даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Экономика саласындағы еңбек жетістіктері үшін «Ерен еңбегі» медалімен марапатталған. Қаржы қызметінің үздігі», - деді депутат, қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов.