Ұлттық ұлан әскердегі бозбалаларға ет пен бауырсақ бере бастаған (ФОТО)

Автор: Бақыт Шынар

Көктемде Ұлттық ұлан жеті мыңға жуық жігітті әскерге шақырмақ

Фото: Ұлттық ұлан

Ұлттық ұлан көктемде жеті мыңға жуық жігітті әскерге шақырады. Жалпы, жыл сайын 14 мыңға жуық сарбаз Ұлттық ұлан қатарын толтырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осы ақпаратты жария еткен Ұлттық Ұланның баспасөз қызметі әскерден бір сурет жүктеген: сарбаздар қолына бауырсақ ұстап отыр, ал, алдарында ет тұр. Айта кетейік, қаңтар айының соңында Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы әскери қызметшілердің тамақтану рационына қазақтың ұлттық тамақтарын қосу туралы бастама көтерген еді. Соған қарағанда, тек қызметкерлер ғана емес, әскердегі сарбаздар да ет пен сірне жеп, наурыз көже ішетін сияқты.

Айта кетейік, Қазақстанның әскери бөлімдерді 20 мамыр мен 30 маусым аралығында қатарларын жасақтаған.