«Үлкен соққы болды: Перизат Қайраттың ісінен танымал қор зардап шеккен

Автор: Аягөз Құрмаш

Істің мән-жайы толық белгісіз

Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

«Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайраттің ісінде тағы бір қайырымдылық қорының қатысы бар болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ОО «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» басшысының қаржы жымқыру ісі қоғамда кеңінен белгілі болды. Біз сенгіміз келмейтін фактілер шындыққа айналып, бұл жағдай елдегі қайырымдылық саласына үлкен соққы болды. Бұл оқиға игі істермен айналысатын әр адамға әсерін тигізіп, қайырымдылыққа деген сенімге күмән ұялатты», - деп жазды «Асар Уме» қоры.

«Асар Уменің» жазуынша, ОО «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» жасаған алаяқтық әрекеттер өздеріне де әсер еткен.

«Тергеу нәтижесінде ОФ «Асар Уме» ресми түрде жәбірленуші тарап деп танылды. Істің мән-жайын толық жариялай алмаймыз, бірақ әділдік орнайтыны сөзсіз – кінәлілер заң алдында жауап береді», - деді ол.