Наурыз мейрамына орай қосымша әуе рейстері ашылады: қазақстандықтар қай елдерге ұша алады

Автор: Нұргүл Абай

Әуе билеттерінің құны өспейді деп сендірді министрлік

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның әуе компаниялары наурыз айындағы мерекелерге орай қосымша әуе рейстерін іске қосады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көлік министрлігінің ақпаратынша, отандық әуе компаниялары жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін Наурыз айындағы мереке күндері әуе рейстерінің санын едәуір ұлғайтады.

Дәлірек айтқанда, 2025 жылғы 16-30 наурыз аралығында қосымша 120 әуе рейсі іске қосылады.

«Air Astana» қосымша 55 рейс орындайды.

Iшкі бағыттар бойынша:

  • Астана – Алматы + 8 рейс;
  • Атырау – Астана + 6 рейс;
  • Атырау – Алматы + 3 рейс;
  • Алматы – Шымкент +2 рейс;
  • Алматы – Қызылорда + 2 рейс;
  • Алматы – Ақтау + 1 рейс;
  • Алматы – Ақтөбе + 1 рейс;
  • Алматы – Өскемен + 1 рейс;
  • Астана – Ақтөбе + 1 рейс;
  • Астана – Орал + 1 рейс;
  • Астана – Қостанай + 1 рейс.

Халықаралық бағыттар бойынша:

  • Алматы – Сеул + 4 рейс;
  • Алматы – Ыстанбұл + 4 рейс;
  • Астана – Ыстанбұл + 4 рейс;
  • Алматы – Мале + 4 рейс;
  • Алматы – Бейжің + 2 рейс;
  • Астана – Сеул + 2 рейс;
  • Алматы – Тбилиси + 1 рейс;
  • Астана – Пхукет + 1 рейс;
  • Астана – Фукуок + 1 рейс;
  • Алматы – Лондон + 1 рейс;
  • Алматы – Душанбе + 1 рейс;
  • Алматы – Баку + 1 рейс;
  • Алматы – Камрань + 1 рейс;
  • Алматы – Гуанчжоу + 1 рейс.

«Сонымен қатар, биыл 30 наурыздан бастап Алматы – Нячанг (аптасына 4 рейс), 31 наурыздан бастап Астана -  Нячанг (аптасына 3 рейс), 30 наурыздан бастап Алматы – Гуанчжоу (аптасына 3 рейс) рейстері ашылады. Ал 20 сәуірден бастап Алматы-Мумбай бағыты бойынша (аптасына 3 рейс) рейстер қайта жанданады. Бұдан бөлек 28 мамырдан бастап Атырау – Тбилиси (аптасына 3 рейс), 1 маусымнан бастап Астана – Франкфурт (аптасына 3 рейс) жаңа әуе бағыттары іске қосылады», - делінген хабарламада.

«FlyArystan» әуе компаниясы 33 рейсті іске қосады:

  • Астана – Алматы + 11 рейс;
  • Астана – Орал  +4 рейс;
  • Алматы – Шымкент + 3 рейс;
  • Алматы – Қарағанды +2 рейс;
  • Алматы – Қызылорда +2 рейс;
  • Астана – Шымкент +2 рейс;
  • Астана – Түркістан +2 рейс;
  • Алматы – Қостанай +1 рейс;
  • Алматы – Семей + 1 рейс;
  • Алматы – Павлодар +1 рейс;
  • Алматы – Орал   +1 рейс;
  • Астана – Қызылорда +1 рейс;
  • Астана – Ақтау  +1 рейс;
  • Астана – Өскемен  +1 рейс.

Сондай-ақ биыл 4 маусымнан бастап Қарағанды-Ыстанбұл бағыты (аптасына 2 рейс) бойынша рейстер ашылады.

«SCAT» әуе компаниясы 32 рейс қосады:

  • Астана – Алматы + 16 рейс;
  • Астана – Шымкент + 8 рейс;
  • Алматы – Шымкент + 8 рейс.

29 мамырдан бастап Шымкент – Каир (аптасына 2 рейс), 28 мамырдан  Шымкент – Сиань (аптасына 2 рейс), 27 мамырдан бастап Шымкент-Будапешт (аптасына 2 рейс) рейстері ашылады.

Qazaq Air 1 мамырдан бастап Астана – Самарқанд бағыты бойынша (аптасына 2 рет) рейстерді іске қосады. Сондай-ақ, әуе компаниясы Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Астана – Түркістан ішкі бағыттары бойынша мереке алды және мереке күндері рейстер санын ұлғайту мәселесін пысықтап жатыр.

«Ішкі және халықаралық бағыттар бойынша билет құны өспейді, билет бағасы қалыпты деңгейде қала бермек. Әуе билеттерінің құны нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін», - деп ескертті ведомство.

Министрлік әуе компаниялары техникалық мүмкіндігіне орай мереке күндері рейстерді ұлғайту жұмысын әлі де жалғастыратынын атап өтті.