Қопа ауылында жасөспірімнің өліміне қатысты іс сотқа жолданды

Автор: Аягөз Құрмаш

Іс бойынша 6 адам қамауға алынған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Ақтөбе облысының прокуратурасы Темір ауданына қарасты Қопа ауылында мектеп оқушысының абайсызда өліміне себеп болған қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаменті жүргізген тергеу барысында 2023 жылдың 2 қыркүйегінде 10-сынып оқушылары 11-сынып оқушыларының нұсқауымен 9-сынып оқушыларын «тәрбиелік мақсатта» ұрып-соққаны анықталды. Салдарынан кәмелетке толмаған Сыдық Н. ауыр жарақат алып, көз жұмды.

Іс бойынша күдікті 6 күдікті қамауға алынды.

Бір күдіктіге ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкелген қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) бойынша айып тағылды.

Қалған 5 күдікті ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (бұзақылық) және ҚР ҚК 28-бабының 3-бөлігі (қылмысты ұйымдастыру) бойынша жауапқа тартылуда.

Сот процесінде мемлекеттік айыптауды прокурор қолдайды.