Ел бойынша жалпы өсім көрсеткіші 3,7 пайызды құрады
COVID-19 вирусын жұқтырған қазақстандықтар саны 9932 адамға жетті. 28 мамырда елімізде 356 адамнан КВИ анықталған, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Коронавирустық инфекция соңғы тәулікте 13 өңірде тіркелген. Науқастардың көбі Алматыда анықталғанымен, ең жоғары өсім Шығыс Қазақстан облысында болды – 31,1%.
Алматы – 84 (3,5%)
БҚО – 51 (10,3%)
Нұр-Сұлтан – 48 (2,6%)
Маңғыстау облысы – 40 (22,6%)
Қарағанды облысы – 34 (4,5%)
Шымкент – 32 (4,4%)
Шығыс Қазақстан обысы – 23 (31,1%)
Атырау облысы – 21 (2,2%)
Алматы облысы – 7 (2,2%)
Қызылорда облысы – 6 (1,9%)
Павлодар облысы – 5 (2,6%)
Жамбыл облысы – 3 (0,8%)
Ақмола облысы – 2 (1,3%) адам.
Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 10 мың адамға жуықтады. Олардың 4900-ы емделіп шықса, 37 науқас көз жұмған.