Ұлттық санақ басталады: статистика мамандары ауыл-аймақты аралап, мал мен құстың санын есептейді

Автор: Нұргүл Абай

Санақ қорытындысы цифрландырылады

Фото: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Биыл елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы саласында санақ жүргізіледі. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жоспарланып отыр. Санақ қортындысының нәтижелерін толық цифрландырып, оған талдау жүргізу қажет. Содан кейін деректер базасы үнемі жаңартылып отыруы тиіс», - деп тапсырды Бектенов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің цифрлық картасын, ал 1 қыркүйекке дейін өсімдік шаруашылығында қадағалап отыру жүйесін әзірлеу жұмысын аяқтауды тапсырды.