Шымкентте 22 жастағы келіншек дүниеге үшем әкелді

Автор: Бақыт Шынар

Жәмилә есімді әйелді дәрігерлер кесарь тілігі арқылы босандырған

Фото: Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Шымкент қалалық №2 ауруханасына қарасты перзентханада үшем дүниеге келді. Бұл – 2025 жылы қалада үшем босанған бірінші ана, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шымкенттің 22 жастағы тұрғыны Жәмилә 2 ұл, 1 қызды дүниеге әкелді. Нәрестелердің салмағы 2770, 2410 және 2095 грамм болды. Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Балалар мерзімінен бұрын туса да, денсаулықтары жақсы», - деп хабарлайды Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы.

Екі ұл, бір қыздың анасы атанған Жәмиләні жақындары перзентханадан шығарып алды.

Тегтер: