Қазақстан халқының саны бір жылда 252 мың адамға көбейген

Автор: Бақыт Шынар

Осылайша, қазір қазақстандықтардың сагы 20 млн 286 мың 084 адамға жеткен

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға байланысты Қазақстан халқының саны 20 млн 286 мың 084 адамға жеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Оның ішінде: қала тұрғындары – 12 774 743 адам, ауыл тұрғындары – 7 511 341 адам. Былтыр жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті», - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Жалпы, дереккөзге сүйенсек, елімізде былтыр жыл басынан бері 235 078 бала туған, 17 164 адам көшіп келген.