Олар заң аясында өз-өзіне шектеу қойған
Қазақстанда 100 мыңға жуық полицей, 85 мыңнан астам мемқызметші мен 70 мың әскери қызметкерлердің бәс тігуіне тыйым салынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы туризм және спорт министрлігінің алқа отырысында министрдің орынбасары Мирас Төлебаев мәлім етті.
«Қазақстанда 85 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілерге, 70 мың әскери қызметшілерге, 100 мыңға жуық құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлеріне құмар ойындар мен бәс тігуге тыйым салынды», - деп хабарлады ол.