Аймақ прокурорлары мерзімінен бұрын босап шыққандарды жаппай тексерген
Шымкент қаласының прокуратурасы пробация есебінде тұрған азаматтарды тексеретін мобильді топ құрып, түрмеден ерте шыққан 138 адамды қайта қаматып тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мобильді топ мерзімінен ерте шығу туралы сот шешімін орындамай жүрген азаматтарға қатысты 258 заң бұзу фактісін анықтаған.
«Осылайша, 192 сотталған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 138 сотталғандардың жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауысты», - деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасы.
Айта кетейік, бұл шараның басты мақсаты - рецидив оқиғалардың алдын алу.