СІМ елшіліктен жауап күтіп отырғанын айтты
АҚШ-та құлаған жолаушылар ұшағында қазақстандықтардың бар-жоғы әлі белгісіз. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Америкада құлаған ұшақта отандастарымыздың бары туралы ақпарат жоқ. Елшілік тексергеннен кейін нақты мәлімет береді», - деді ол.
Еске салсақ, АҚШ астанасы Вашингтон қаласында жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақ соқтығысып, өзенге құлаған. Ұшақта 60 жолаушы, 4 экипаж мүшесі болса, тікұшақта 3 адамның болғаны айтылып жатыр.