Астананың кептелісі Тоқаевтың да құлағына жетті

Автор: Бақыт Шынар

Ол мәселені тез арада шешу керек дейді

Фото: Azattyq ruhy

Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы көлік кептелесіне назар аудартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, бүгін қала әкімі Жеңіс Қасымбек президенттің алдында есеп берген. Оны тыңдағаннан кейін Тоқаев әкімнің жұмысына қатысты пікір білдірді.

«Қала әкімінің тәжірибесі бар, жақсы жұмыс істеп жатыр. Кептеліс мәселесін шешу керек. Бұл бағытта тез арада шара қабылдап, мәселені шешу керек», - деді Тоқаев.