Қазақстанда 845 мектеп асханасы санитарлық талаптарды бұзған

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл барлық мектептердің 12 пайызына тең

Фото: freepik.com

Оқу-ағарту министрлігінің заңына сәйкес, елдегі мектептердің асханаларын санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері және балалардың құқықтарын қорғау комитеті бақылайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2024 жылы мемлекеттік бақылау аясында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары  білім беру ұйымдарына 2 547 тексеріс жүргізді, балалардың құқықтарын қорғау комитеті 113 білім беру ұйымын қараған», - деп жауап берді оқу-ағарту министрлігі редакцияның сауалына.

ДСМ мен ОМ бірлесіп еліміздің мектеп асханаларының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне мониторинг ұйымдастырды. Тексеріс қорытындысының нәтижесінде 12% (845) нысан санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны анықталған.